Астана қаласының Эвакуациялық комиссиясының отырысы

Астана қаласының Эвакуациялық комиссиясының отырысы

2024 жылғы 18 cәуірде Астана қаласы әкімдігінде елорда әкімінің орынбасары Е. Байкеннің төрағалығымен Астана қаласының Эвакуациялық комиссиясының отырысы өткізілді. Кеңестің басты мақсаты эвакуациялық іс-шараларды жоспарлауды және ұйымдастыруды тікелей жүзеге асыру.

         Оған жергілікті атқарушы орган мен ТЖ департаментінің өкілдері және Эвакуациялық комиссияның құрамына кіретін мемлекеттік мекемелер қатысты.

Эвакуациялық комиссия отырысын өткізу шеңберінде 2 мәселе қаралды: «Зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің дайындығы туралы», «Елорданы хабардар ету жүйесінің жай-күйі туралы».

         Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша эвакуациялық іс-шаралардың проблемалық мәселелері талқыланып, бірқатар қажетті тапсырмалар берілді