Қаhарманға құрмет көрсетілді

Қаhарманға құрмет көрсетілді

Елордада «Киелі мекен» апталығы аясында елордалық өрт сөндіруші Асқар Забикулин ескерткішінің аумағына тазалау және ретке келтіру жұмыстарын жүргізілді.

Астаналық № 6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған шараға елорадылық құтқарушылар және бірлескен мұражайлар дирекциясы департаментінің қызметкерлері қатысты.«Таза Қазақстан. Елорда-тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы қоршаған ортаға бей-жай қарамауға шақырады.