Астаналық өрт сөндіру бөліміне оқушылар келді

Астаналық өрт сөндіру бөліміне оқушылар келді

Елордалық № 73 гимназия мектебінің оқушылары Астана қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне ұйымдастырылған экскурсияға келді.

Өрт сөндірушілер балалардың өрт сөндіру қызметтерінің жұмысы туралы білімдерін кеңейте отырып, қызықты іс-шара өткізді. Экскурсия барысында балалар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерімен және қорғаныс құралдарымен танысты, сондай-ақ өрт-техникалық құрал-жабдықтарды қарады. Өрт сөндірушілер өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар оқушыларға өздері қолданатын жабдықтың әрбір элементі туралы егжей-тегжейлі түсініктемелер берді.

Іс-шара барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы ақпараттар айтылды. Балалар тұрмыстық өрттің алдын алу және төтенше жағдайда қалай тиімді әрекет ету туралы құнды мағлұмат алды.