Елордалық ТЖ департаменті мерзімді әскери қызметке кандидаттарды іріктеу бойынша үгіт жұмыстарын бастады

Елордалық ТЖ департаменті мерзімді әскери қызметке кандидаттарды іріктеу бойынша үгіт жұмыстарын бастады

Елордалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру және оларды азаматтық қорғау бөлімшелеріне одан әрі жұмысқа орналастыру, сондай-ақ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу үшін іріктеу және алдын ала зерделеу бойынша оқу орындарының студенттерімен үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

Бүгін елордалық ТЖД қызметкерлері «Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің колледжінде» барып кельді. Колледж студенттеріне ТЖМ арнайы мақсаттағы бөлімшелеріне мерзімді әскери қызметке шақыру ережелері, сарбаздардың тұрмыс жағдайлары, азаматтық қорғау органдары қызметінің басымдықтары мен бағыттары, осы қызметтің беделі мен артықшылықтары туралы ақпарат жеткізілді. Сондай-ақ ТЖМ әскери бөлімдері туралы бейнероликтер мен слайдтар көрсетіліп, жадынамалар және брошюралар таратылды.