Елордалық ТЖД мерзімді әскери қызметке кандидаттарды іріктеу бойынша үгіт жұмыстарын бастады

Елордалық ТЖД мерзімді әскери қызметке кандидаттарды іріктеу бойынша үгіт жұмыстарын бастады

Елордалық ТЖ департаментінің қызметкерлері азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеру және оларды азаматтық қорғау бөлімшелеріне одан әрі жұмысқа орналастыру, сондай-ақ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу үшін іріктеу және алдын ала зерделеу бойынша оқу орындарының студенттерімен үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткергісі келетін кандидаттар 18 жастан 27 жасқа дейін денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Ә. Жангелдин көшесі 24 мекенжайы бойынша, немесе 99-93-28, 55-96-93, 8702-674-04-14 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Сонымен қатар, жастарды әскери қызметке ынталандыру мақсатында, Қорғаныс министрлігі мерзімді қызмет кезеңіне кредиттік каникулдар беру және ҰБТ тапсырусыз жоғары оқу орындарына түсу бойынша жеңіліктер беру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірледі.