Елордалық Өрт сөндіру қызметінде семинар-кеңес өтті

Елордалық Өрт сөндіру қызметінде семинар-кеңес өтті

12 сәуірде елордалық Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен Астана қаласы Полиция департаментінің өкілі полиция майоры Арман Садыбековтің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру 608-бабын, яғни  жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келетіндігін түсіндіру мақсатында, сонымен қатар жеке құрамның Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні шеңберінде және азаматтық қорғау органдарында психотроптық, есірткі заттарын пайдалануға және өткізуге жол бермеу жөніндегі іс-шаралардың алдын алу мақсатында Астана қаласы наркологиялық диспансерінің нарколог-психиатр дәрігері, Астана қаласы медициналық университеті кафедрасының ассистенті Токтар Койшибековтің қатысуымен семинар-кеңес, кездесу өткізілді.

Семинар барысында қызметкерлер қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.