Елорданың мектепке дейінгі балалар мекемелері арасында байқау басталды

Елорданың мектепке дейінгі балалар мекемелері арасында байқау басталды

Мектепке дейінгі кезең - қоршаған әлемді белсенді тану уақыты.

Балалар қазіргі жастарында ақпаратты тез сіңіреді, ал оны жеткізу және қабылдау кезінде мықты іргетас қаланады, онда балалар өздерінің таланттарын ашады, дағдыларын жетілдіреді, оңай және қуанышпен қабылдайды.

Балаларды түрлі төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету мақсатында елордалық Төтенше жағдайлар департаменті Астана қаласының мектепке дейінгі балалар мекемелері арасында конкурс өткізуде. 14 балабақша қатысуға өтінім берді, оның 4-і жеке меншік балабақшалар.

Конкурстық жұмыстарды бағалау шеңберінде 2014 жылғы 4 сәуірде Білім басқармасынан, Мәдениет басқармасынан қазылар алқасы ретінде шақырылған өкілдердің қатысуымен балабақшаларды аралау басталды.