Елордалық құтқарушылар  Талапкер ауылында тасқын суға қарсы жұмыстар жүргізуде

Елордалық құтқарушылар  Талапкер ауылында тасқын суға қарсы жұмыстар жүргізуде

4 сәуірден бастап елордалық құтқарушылар Ақмола облысы Талапкер ауылында су сору жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта су сору, инертті материалдары бар қапшықтарды төсеу  жұмыстарына жүргізуге елордалық ТЖД жеке құрамының 12 адамы және 2 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өткен тәуліктен бері елордалық құтқарушылар күшімен ауыл үйлерінің аулалары мен ашық учаскелерден 2650 текше метр су сорылды.