Елордада су тасқыны кезеңінің өтуі туралы брифинг өтті

Елордада су тасқыны кезеңінің өтуі туралы брифинг өтті

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде елордада су тасқыны кезеңінің өтуі туралы Астана қаласы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Мауленбердиев Бақытжан Тасқынбекұлының қатысуымен брифинг өтті.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп алдағы су тасқыны кезеңіне дайындықты алдын ала бастады.

2023 жылдың қыркүйегінде қаланың су тасқыны қаупі бар учаскелері комиссиялық тексерілді, 20 учаске бойынша аудан әкімдеріне қажетті шараларды қабылдау  туралы ұсынымдар берілді (каналдарды тазалау және төсеу, арық-науа жүйесін орнату және т.б.).
Қаңтар айында су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығы басталды, тұрғын үй секторының тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үгіт материалдарын тапсыра отырып, ықтимал қауіпті учаскелерде 120 рейд жүргізілді. 1 ақпаннан бастап су тасқыны қаупі бар учаскелерді комиссиялық тексеру жұмыстары жалғастырылуда, аралау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Бүгінгі күні коммуналдық қызметтер қаладан 6,5 млн. текше метрден астам қар шығарды, 55 мыңнан астам метр арық-науа желісі, 9 мыңнан астам метр коллекторлар, 2 мың дана жаңбыр қабылдау құдықтары тазартылды, 6 мың сызықтық метр құбырлар буланды. «Астана Тазалық» базасында көлемі 2,5 мың (2213 м3) текше метр құм және ағаш (135 м3) инертті материалдар қоры дайындалды, тағы 11 мың текше метр инертті материалдарды (9 800 м3 құм және 1 943 м3 ағаш) жеткізуге келісім-шарт бар.
ТЖ жағдай кезіңде азық-түлік пен жанар-жағармай материалдарын жеткізуге 12 меморандум жасалды,
ТЖ кезінде жалпы саны 2260 орындық халықты орналастыру бойынша 7 қонақ үймен меморандумдар жасалды, зардап шеккен халықты қабылдаудың 16 пункті дайындалды.
Су тасқыны құбылыстарына уақтылы ден қою мақсатында жеке құрамның 599 адамынан, 156 бірлік техникадан, 65 мотопомпадан тұратын азаматтық қорғау қызметтерінің жалпы тобы құрылды.
Құрметті елорда тұрғындары! Астана қаласы ТЖ департаменті сіздерді ескертеді, қардың көп еруі кезінде бірінші кезекте ұсыныстарды сақтауды сұрайды, атап айтқанда: үй маңындағы аумақтан көшенің жол бойындағы бөлігіне қарды уақтылы тазалау, үйден ағынды суларға немесе су өткізгіш құбырларға су бұрғыштар орнату, су сорғыштарды: тұрмыстық электр сорғылары, шелектер, күректерді және т.б. алдын-ала қарастыруды сұрайды, су басқан жағдайда iKomek қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығына «109» нөмірі арқылы дереу хабарлау қажет.

                        Астана қаласы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы