Діндерді зерттеу орталығының өкілдерімен кездесу өтті

Діндерді зерттеу орталығының өкілдерімен кездесу өтті

Елордалық Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен, радикалды діни ағымдар идеологиясына, олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымына және ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатер дәрежесіне қарсы іс-қимыл бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу мақсатында Астана қаласы әкімдігінің Діндерді зерттеу орталығының өкілдері Марлен Айдарқұл және Арман Нұрахметұлының қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында діндерді зерттеу орталығының лекторы Арман Нұрахметұлы радикалды діни ағымдар тақырыбында дәріс оқып, сұқбат жүргізді. Кездесу соңында Қызмет қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.