Елордалық құтқарушылар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Елордалық құтқарушылар арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Елордалық ТЖД бөлімшелері арасында 19 наурызда үстел теннисінен жарыс өткізілді. Жарыс 16 команда арасында олимпиаладық жүйе бойынша өткізілді. Командалар  жас ерекшеліктеріне байланысты 30 жасқа дейін, 30 - 40 жасқа аралығында және 40 жастан жоғары болып бөлінді.
Жарыс қорытындысы бойынша 30 жасқа дейінгі топта:
І орынды – ЖҚЖ құтқарушысы Хасен Жаслан, ІІ орын – Асқар Забикулин атындағы №6-МӨСБ өрт сөндірушісі Уалиев Аян және  ІІІ орын – №13- ӨСБ қызметкері Нағашыбай Айбек иеленді.
30-40 жас аралығындағы топта:
І орын – Асқар Забикулин атындағы №6-МӨСБ қызметкері Мунайтбасов Серик, ІІ орын – №5-МӨСБ қызметкері Иманов Асылхан және ІІІ орын – №14-ӨСБ қызметкері Айтмағанбет Нұрсұлтан иеленді.
40 жастан жоғары топта:
І орын – №9-ӨСБ қызметкері Куанышев Мирболат; ІІ орын – №5-МӨСБ қызметкері Масалимов Нурлан және ІІІ орын – №14-ӨСБ қызметкері Байсалбаев Ринат алды.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды А. Забикулин атындағы №6-МӨСБ
командасы, екінші орынды №14-ӨСБ командасы және үшінші орында №5-МӨСБ
командасы иеленді.