
26 қаңтарда Астана қаласы ТЖД өрт сөндірушілері "Emerald Tower" бизнес орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Жаттығудың шарты бойынша бизнес орталықтың 25 қабатында орналасқан конференц залында электр жүйесінің тұйықталу себебінен жиһаздар мен ұйымдастыру техникасы жанды. Шақыртудың жоғарғы рангы жарияланып, оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жіберіледі. Ғимараттың терезесінен қою қара түтін көрінуде, өрт сөндіру бөлімшелері зардап шеккендерді іздеумен қатар, өртті сөндіруге кіріседі. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт бір сағатқа жетпей толық жойылды.
Мұндай жаттығулардың мақсаты адамдардың жаппай келетін орындарда өрт сөндіру әдіс-тәсілдерін қолдану, жеке құрамның біліктілігін тексеру, ғимарат пен өрт сөндіру жетекшілерінің міндеттемелерін айқындау болып табылады.
Жаттығуға елордадалық ТЖД жеке құрамының 75 адамы мен 12 бірлік техникасы жұмылдырылды.