"Кахарман" тұрғын үйінің пәтерінде болған өрттің себебі анықталды

"Кахарман" тұрғын үйінің пәтерінде болған өрттің себебі анықталды

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Бауыржан Момышұлы даңғылы 14 бойынша "Кахарман" тұрғын үйінде өрт орын алған, өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуына әкеп соқтырған ұзартқыш желісіндегі ақаулықтың болуы.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде елорда аумағында 682 өрт тіркелген, оның 105-і көппәтерлі тұрғын үйлерде. Әдетте, өрттің себептері тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтамау болып табылады.

Астана қаласының ТЖД электр желілерін, розеткаларды ақаусыз күйде ұстауға, желілік сүзгілерді және басқа да электр құралдарын жарамсыз күйде пайдалануға жол бермеуге ерекше назар аударуды ұсынады. Осыған байланысты, тұрғындарға өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін саналы жауапкершілік көрсетуді ұсынамыз.