
Жаймағамбетов Назарбек – Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы.
Назарбек Думанұлы 1993 жылы Ақмола облысы, Целиноград ауданында дүниеге келген. Ол 2016 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарып келеді. Қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен орындап, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі сауатты әрекет етеді.
Ол қызметтік жолында көптеген өртті сөндіруге қатысып, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға өз үлесін қосып келеді. Ол – өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, әріптестері арасында абыройлы маман.