
Астанада жылыту маусымы кезеңінде жеке тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Елордада шамамен 25 мың жеке тұрғын үй бар. Оның ішінде әлеуметтік осал санатқа жататын 695 отбасы ТЖД есебінде тұр. Аула-ауланы аралау барысында мамандар жылыту жүйелері мен электр сымдарының жағдайын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға практикалық көмек көрсетуде.
200-ден астам үйге көміртек тотығы мен табиғи газ датчиктері және түтін хабарлағыштары орнатылды. 35 үйдің түтін мұржасы тазартылды. Сондай-ақ бұрын орнатылған автономды өрт хабарлағыштарының батареялары ауыстырылуда.
Профилактикалық аралау жұмыстары полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, АРЭК өкілдері және волонтерлермен бірлесіп күн сайын жүргізілуде.