Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз

Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымы қарсаңында тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Жылыту маусымында пештерді, газ және электр жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды. Ақаулы жылыту құрылғыларын пайдаланбаңыз, пештер мен мұржалардың жарамдылығын алдын ала тексеріңіз.

Электр жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз және оларды жанғыш заттардың жанына орналастырмаңыз. Балаларды жылыту құрылғыларының маңында қараусыз қалдырмаңыз.

Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау – өрт пен басқа да төтенше жағдайлардың алдын алудың маңызды кепілі.