Астана қаласының №8 өрт сөндіру бөлімінде оқушыларға арналған «Ашық есік күні» өтті

Астана қаласының №8 өрт сөндіру бөлімінде оқушыларға арналған «Ашық есік күні» өтті

Іс-шараға Астана қаласындағы №23 мектептің 11-сынып оқушыларынан 30 адам қатысты.

Іс-шара барысында оқушыларға азаматтық қорғау органдарының қызметі, құтқарушылардың күнделікті жұмысы, төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою бағыттары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, құтқарушылар оқушыларға өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасын таныстырып, оның негізгі мүмкіндіктері мен қолданылу тәртібін көрсетті. Оқушылар арнайы құрал-жабдықтармен танысып, құтқарушылардың қызметі туралы өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Сондай-ақ, қонақтарға 8-ӨСБ-нің жаңартылған бөлімшесі көрсетіліп, өрт сөндірушілердің қызмет атқару жағдайы мен күнделікті тұрмыс-тіршілігі таныстырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа азаматтық қорғау органдарының қызметін таныстыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құтқарушы мамандығына қызығушылықты арттыру