
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде гарнизонның орта және аға басшы құрамымен психологиялық дайындықтың өрт жолағында практикалық сабақ өткізілді.
Жаттығу барысында қызметкерлер ашық от пен жоғары температура жағдайында арнайы кедергілерден өтіп, жеке қорғаныс құралдарын қолдану, қауіпсіздік талаптарын сақтау және күрделі жағдайда үйлесімді әрекет ету дағдыларын пысықтады.
Сонымен қатар жеке құрам контейнерлік типтегі «Кері тартпа» тренажерінде жаттығу орындап, өрттің қауіпті белгілерін анықтау, қауіпсіз позицияны таңдау және газ-түтіннен қорғау қызметі буынының әрекет ету тактикасын пысықтады.
Мұндай жаттығулар өрт сөндірушілердің кәсіби, психологиялық және тактикалық дайындығын арттыруға бағытталған.