Елордада шағын көлемді кемелерге бақылау жүргізілуде

Елордада шағын көлемді кемелерге бақылау жүргізілуде

Елорданың су айдындарында шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Көліктік бақылау инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, су айдындарында кеме жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, сондай-ақ шомылуға тыйым салынған орындарда суға түсуге болмайтыны туралы ақпарат берілді.

Өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу фактілерін анықтап, 8 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.