Құрылыс алаңдарындағы шетелдік қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізілді

Құрылыс алаңдарындағы  шетелдік қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізілді

Астанада LRT өкілдерімен бірлесіп, мердігер ұйымдардың қызметкерлеріне, оның ішінде шетел азаматтарына өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары түсіндірілді.

Елордалық ТЖД қызметкерлері жатақхана нысандары мен құрылыс алаңдарында өткен дәріс барысында өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ адамдарды қауіпсіз эвакуациялау ережелерін түсіндірді.

Іс-шараның мақсаты – құрылыс нысандарында өрт қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру, қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекет дағдыларын жетілдіру және өрттердің алдын алу.

Осындай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өрт қауіпсіздігі саласындағы білім деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға бағытталған.