Білімге қосқан үлес: құтқарушылар балалармен тәжірибесімен бөлісті

Білімге қосқан үлес: құтқарушылар балалармен тәжірибесімен бөлісті

Елордалық ТЖД қызметкерлері«Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры ұйымдастырған ғылым, технология және заманауи дағдыларды дамытуға арналған балалар лагеріне қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара барысында құтқарушылар балаларға төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт және судағы қауіпсіздік ережелері, алғашқы көмек көрсету тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, азаматтық қорғау қызметінің ерекшеліктері таныстырылып, құтқарушылардың күнделікті қызметі мен арнайы құрал-жабдықтары көрсетілді.

Кездесу интерактивті форматта өтіп, балалар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған пайдалы білім алды.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіздік туралы сауатын арттырып қана қоймай, олардың жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын оятуға ықпал етеді.