
Елордалық құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, су айдындарында тұрақты түрде профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Рейд барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары жеткізілді.
Іс-шаралар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 364-бабы бойынша 392 ескерту жасалды. Сонымен қатар 412-бап бойынша 45 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 681 187 теңгені құрады.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында қала тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, тек арнайы жабдықталған орындарда шомылу және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.