
Астана қаласы ТЖД №23 өрт сөндіру бөлімінде «Жас Үміт» жобасына қатысушылар үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жастар өртке қарсы қызметтің жұмысымен, бөлімшенің заманауи жабдықтарымен танысып, арнайы техникалар, авариялық-құтқару құралдары мен өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері қойылған көрмені тамашалады.
Сонымен қатар, қонақтарға төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі, қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, құтқарушылардың күнделікті қызметі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мамандықтарға деген құрметін нығайтуға, сондай-ақ заңдылық пен қоғамдық тәртіп қағидаттарын насихаттауға ықпал етеді.