Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері талқыланды

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы елорданың ірі кәсіпорындарының өкілдерімен кезекті семинар өткізді.

Аталған жұмыс Министрлік пен оның салалық комитеті басшылығы қабылдаған бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың жаңа тұжырымдамасы аясында жүргізілуде.

Семинар барысында өндірісте төтенше жағдайлар туындаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдар мен қауіпті өндірістік объектілер субъектілерінің өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ қауіпті объектілер туралы мәліметтерді өзектендіру және «Е-ТЖМ» бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Жергілікті атқарушы органның, Еңбек инспекциясының және Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының өкілдері семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді