Елордада төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды

Елордада төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелерге арналған жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелері қаралды. Аталған бағыттар бойынша Департаменттің басшылық құрамы баяндама жасады.

Ерсін Кенжебайұлы жаз мезгілінде профилактикалық іс-шараларды күшейту, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу және жауапты мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестірудің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді.