
Елордалық ТЖД Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы жеке құраммен тұрғын үй төлемдеріне қатысты кездесу өткізді.
Кездесу барысында қызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін тағайындау және алу тәртібі, сондай-ақ оларды заң талаптарына сәйкес мақсатты әрі дұрыс пайдалану қағидалары жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар тұрғын үй төлемдерін игеру кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеу, белгіленген талаптарды сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай түсіндіру іс-шаралары қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін пайдалану барысында заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.