Елордада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша IX турнирдің күміс жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Елордада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша IX турнирдің күміс жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Астана қаласы ТЖД спортшылары ҚР ТЖМ Кубогына арналған өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша IX турнирден жоғары нәтижемен оралып, әріптестері мен жақындарының ыстық ықыласына бөленді.

Жарыс қорытындысы бойынша елордалық құрама жеке және командалық сындарда жүлделі орындарға ие болып, кәсіби шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жеке біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Кристина Подгородецкая – әйелдер арасында «Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасының жеңімпазы, «100 метрлік кедергілер жолағынан өту» және «Қоссайыс» дисциплиналарының қола жүлдегері;

Райымбек Сарсекеев – ерлер арасында «100 метрлік кедергілер жолағынан өту» дисциплинасының күміс жүлдегері;

 Петр Подгородецкий – ерлер арасында «Қоссайыс» дисциплинасының күміс жүлдегері және «Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасының қола жүлдегері.

Командалық нәтижелер:

Астана қаласының ерлер құрамасы 4×100 метрлік өрт эстафетасында жеңімпаз атанып, 57,40 секунд нәтиже көрсетті.

Астана қаласының әйелдер құрамасы 4×100 метрлік өрт эстафетасында күміс жүлдеге ие болып, 63,87 секунд нәтиже көрсетті.

Жалпыкомандалық есепте Астана қаласының ерлер және әйелдер құрамалары ІІ орын иеленді.

Бұл жетістіктер елордалық спортшылардың жоғары дайындық деңгейін, жаттықтырушылар құрамының кәсіби еңбегін және командалық жұмыстың үйлесімділігін айқын көрсетті. Турнир қорытындысында Департаменттің құрамасы еліміздің үздік командаларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.