Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторлары мұнаралы кранды іске қосуға қатысты

Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторлары мұнаралы кранды іске қосуға қатысты

Елордадағы «Megapolis» тұрғын үй кешенінің құрылыс нысанында мұнаралы кранды іске қосу рәсіміне Департаменттің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторлары қатысып, жүк көтергіш механизмнің техникалық жай-күйі мен қосуға дайындығын тексерді.

Тексеру барысында мұнаралы кранның техникалық жағдайы, құжаттары, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналдың біліктілігі мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі бағаланды.

Аталған бақылау шаралары өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жазатайым оқиғалардың алдын алуға және қауіпті өндірістік нысандарды қауіпсіз пайдалануға бағытталған.