Терезеден құлаудың алдын алу: Астанада профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Терезеден құлаудың алдын алу: Астанада профилактикалық жұмыстар күшейтілді

Елордалық құтқарушылар полиция қызметкерлері мен еріктілердің қатысуымен балалардың терезеден құлауының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.

Жыл басынан бері қала аумағында 250-ден астам профилактикалық рейд ұйымдастырылып, тұрғындарға 4 500-ден астам ақпараттық жадынама таратылды.

Сонымен қатар, әлеуметтік осал санаттағы, көпбалалы және кішкентай балалары бар отбасыларға 1 400-ден астам терезе қауіпсіздік блокираторы тегін орнатылды.

Профилактикалық іс-шаралар барысында мамандар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау, москит торына сенбеу, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату және терезе маңына жиһаз қоймау қажеттігін түсіндіруде.

 

Балалардың қауіпсіздігі - әрбір ата-ананың басты жауапкершілігі.