Астанада заңсыз орнатылған сауда нысандарын демонтаждау жұмыстары жалғасуда

Астанада заңсыз орнатылған сауда нысандарын демонтаждау жұмыстары жалғасуда

Астанада бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында тиісті рұқсат құжаттары мен келісімшарттары жоқ 100-ден астам сауда нысаны анықталды.

Нысан иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның нәтижесінде заңсыз орнатылған павильондардың бір бөлігі ерікті түрде бөлшектелді. Заңнама талаптарын бұза отырып орнатылған нысандарды демонтаждау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура органдарына тиісті материалдар жолданды.

Рейдтік іс-шаралар аясында мамандар сауда және қоғамдық тамақтану нысандарының иелерімен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар арасындағы нормативтік өртке қарсы арақашықтықтарды қамтамасыз ету мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестендіру мақсатында 82 сауда павильоны демонтаждалды.

Елорда аумағында заң бұзушылықтарды анықтау, заңсыз орнатылған нысандарды демонтаждау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда.