
Елордада Медицина қызметкерлері күніне орай Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында азаматтық қорғау жүйесінде адал қызмет атқарып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға қосқан үлесі үшін бірқатар медицина қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.
Марапатталғандар қатарында, №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің дәрігері Гүлжан Әмреева, №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің фельдшері Асима Шаяхметова, Жедел-құтқару жасағының құтқарушы-мейірбикесі Ұлпан Уақасова және Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері де бар.
Департамент басшылығы медицина қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және төтенше жағдайлар кезінде атқарған адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, амандық және қызметтеріне толағай табыс тіледі.