
Астана қаласы ТЖД басшылығы мен Астана қ. әкімдігінің «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ-дағы МКК ресми кездесуі өтті.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойылды.
Келісімнің негізгі мақсаты менталды денсаулықты қорғау, төтенше ведомствоның жеке құрамы арасында эмоционалдық жанудың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезіндегі жедел өзара іс-қимыл саласындағы күш-жігерді шоғырландыру болып табылады.
Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары:
Психологиялық қолдау: Күнделікті жоғары психоэмоционалдық жүктемелермен бетпе-бет келетін құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үшін бірлескен тренингтер, семинарлар мен консультациялар өткізу.
Тәжірибе алмасу: Күйзеліс күйлерін ерте анықтау және алғашқы психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша ғылыми-практикалық іс-шараларды, жұмыс кездесулері мен дәрістерді ұйымдастыру.
Шұғыл әрекет ету: ТЖ аймағында зардап шеккендер мен олардың туыстарына көмек көрсету үшін ПДО мамандары мен ТЖД психологиялық қызметінің үйлестірілген жұмысы.