Мемлекеттік рәміздер - ұлттық бірегейліктің негізі

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық бірегейліктің негізі

Мемлекеттік рәміздер күніне орай елордалық құтқарушылар салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шара аясында Департамент қызметкерлері жұмыс күнін салтанатты сап түзеуден бастады. Мемлекеттік Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды.

Сондай-ақ, шара барысында Департамент бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мәуленбердиев бұл айтулы күннің маңызына тоқталып, мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігін нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті. Ал Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бейсенбай Ардақ қатысушыларға мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы танымдық дәріс оқыды.

Мемлекеттік рәміздер - еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің айқын көрінісі, ұлттық бірлік пен патриотизмнің символы. Оларды құрметтеу мен қастерлеу азаматтардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды сақтауға және нығайтуға ықпал етеді.