
Балаларды қорғау күніне орай өткен іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.
Іс-шара барысында құтқарушылар балаларды авариялық-құтқару техникаларымен, арнайы құрал-жабдықтармен, сүңгуірлік жарақтармен және кинологиялық қызметтің жұмысымен таныстырды.
Сонымен қатар, қызметкерлер судағы құтқару тәсілдері бойынша шеберлік сабағын өткізіп, балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.