Қауіпсіз орта - бақытты балалық шақ

Қауіпсіз орта - бақытты балалық шақ

Балаларды қорғау күні қарсаңында елордалық өрт сөндіру бөлімшелерінде Ашық есік күні өтті.

№6 және №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінде балалар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, арнайы техника мен авариялық-құтқару құрал-жабдықтарын тамашалады. Сонымен қатар, мамандар төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балалар өрт сөндіру техникасына отырып көріп, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Мерекелік кездесу балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, құтқарушы мамандығына деген қызығушылықтарын арттырды