
Астанада қалалық мәслихат депутаттары Департаменттің №8 және №16 өрт сөндіру бөлімшелеріне барып, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Жұмыс сапары барысында қалалық мәслихат төрағасы Зейнұлқабден Табиғат бастаған топ бөлімшелердегі құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасына назар аударып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын қарады.
Сонымен қатар сапар №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің аумағында жалғасты. Онда Департамент басшылығы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен алынған заманауи техникалар мен материалдық-техникалық жарақтарды таныстырды.
Кездесу барысында өрт сөндіру бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды.