Елордада қауіп төндіретін павильондарды демонтаждау жұмыстары жүргізілуде

Елордада қауіп төндіретін павильондарды демонтаждау жұмыстары жүргізілуде

Астанада тұрғындарға қауіп төндіретін және ТЖМ техникаларының еркін қозғалысына кедергі келтіретін павильондарды демонтаждау жұмыстары жүргізілуде.

 

Іс-шаралар газ баллондарын пайдаланатын, әлеуетті қауіп тудыратын шағын бөлшек сауда нысандарын жою мақсатында жүзеге асырылуда.

 

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі. Қауіпсіздік талаптарын бұза отырып орналастырылған, азаматтардың еркін қозғалысына және арнайы техникалардың жедел өтуіне кедергі келтіретін нысандарға ерекше назар аударылуда.