Тарихпен тілдесу: музейдегі бір күн

Тарихпен тілдесу: музейдегі бір күн

Астана қаласының құтқарушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне рухани-танымдық экскурсия жасады.

Музей – өткеннің үнсіз шежіресі, ұлттың жадын сақтаған қазына. Осындай тағылымды орынға жасалған сапар барысында жеке құрам ата-бабаларымыздың мұрасымен танысып, ел тарихына деген құрметін арттырды.
Бұл экскурсия тек танымдық қана емес, сонымен қатар рухани жаңғыруға бастар маңызды қадам болды.
Тарихты білу – болашақты нық қалыптастырудың кепілі.