
Елордалық ТЖД №12 өрт сөндіру бөлімінің инспекторы Ринат Аяпов халықаралық турнирде алтын медаль иеленді.
AIGA KOKTEM OPEN 2026 айтулы спорт фестивалі аясында грэпплингтен халықаралық турнир өтті.
Тартысқа толы бәсекеде елордалық гарнизонның өкілі — №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Ринат Аяпов айрықша нәтиже көрсетті. Болаттай ерік-жігері мен жоғары техникалық дайындығының арқасында Ринат белдесулер кезеңінен сенімді өтіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді және І орынды иеленді.