
Астанада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай құтқарушылар бірқатар тағылымды іс-шаралар ұйымдастырды.
Қала мектептерінде құтқарушылар арнайы қонақ болып, оқушыларға өз мамандықтарының маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы кеңінен әңгімеледі. Кездесу барысында жас буын тарапынан құтқарушы мамандығына ерекше қызығушылық пен құрмет байқалды.
Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында оқушылар өрт сөндірушінің бір күндік қызметімен танысып, арнайы техникаларды тамашалап, жауынгерлік киімдерді киіп көруге мүмкіндік алды.
Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, оларды ерлік пен батылдыққа баулиды.