
Астана қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері 55209 азаматтық қорғаныс әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет өткеру және оларды азаматтық қорғау бөлімшелерінде одан әрі жұмысқа орналастыру үшін жасы 18-ге жеткен, бірақ әлі 27 жасқа толмаған әскерге шақырылушыларды іріктеу және алдын ала зерделеу бойынша жұмысты бастады.
Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде әскери қызмет өткергісі келетін кандидаттар Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне А.Жангелдин көшесі 24 мекенжайы бойынша не 99-93-28, 55-96-93, 87053257474 телефон нөмірі бойынша жүгіне алады.
Сонымен қатар, жастарды әскери қызмет өткеруге ынталандыру мақсатында Қорғаныс министрлігі мерзімді қызмет кезеңіне кредиттік каникулдар беру және ҰБТ тапсырусыз жоғары оқу орындарына түсу бойынша жеңілдіктер беру жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірледі.