«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АСТАНАДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР 400 АҒАШ ЖӘНЕ 600-ГЕ ЖУЫҚ ГҮЛ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АСТАНАДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР 400 АҒАШ ЖӘНЕ 600-ГЕ ЖУЫҚ ГҮЛ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен жалпы қалалық сенбілік барысында Департамент қызметкерлері көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, ағаштар мен гүл көшеттерін отырғызды.

Отырғызылған ағаштардың қатарында қайың, қарағай, терек, шегіршін, сондай-ақ жеміс ағаштары – ирга, шие, алхоры және тәтті шие бар. Сонымен қатар, бөлімше аумағы сирень мен көпжылдық лалагүлдермен көркейтіледі.

Сенбілік барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны қорғауға, қаланың тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.