АНОНС

АНОНС

Күннің жылынуымен елордада көпқабатты тұрғын үйлерде балалардың терезеден құлау деректері жиілеп отыр. Биылдың өзінде 5 жағдай тіркеліп, оның 2-уі өкінішке қарай бала өлімімен аяқталды. Ал 2025 жылы балалардың терезеден құлауының 58 жағдайы тіркеліп, 14 жағдайда балалар қаза тапқан.

Осыған байланысты 30 сәуір күні сағат 10:00-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында арнайы профилактикалық акция өткізеді.

Іс-шара барысында көпбалалы отбасылардың пәтерлеріне терезеге арналған қауіпсіздік құлыптары орнатылады. Мұндай қарапайым қорғаныс құралы балалардың абайсызда терезеден құлап кетуінің алдын алып, олардың өмірін сақтауға мүмкіндік береді.

📍 Жиналу орны: Астана қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 4 («Құтқарушылар»спорт кешенінің аумағы)

Одан әрі тұрғын үй кешендеріндегі көпбалалы отбасылардың пәтерлеріне барып, терезе құлыптарын орнату жұмыстары жүргізіледі.

📞 Аккредитация бойынша байланыс:
Салтанат - 8 776 166 21 66
Нұргүл - 8 701 750 99 78