
Елордалық ТЖД құтқарушылары «Жеке ресурстарды дамыту арқылы эмоционалдық күйзелістің алдын алу» тақырыбында тренингтік сабақ өткізді.
Тренинг қызметкерлер арасында эмоционалдық күйзелістің алдын алуға және стресстік жағдайларда өзін-өзі қолдау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Жұмыс барысында арт-терапия және метафоралық ассоциативті карталар әдістері қолданылды. Осы әдістер арқылы қатысушылар шығармашылық тапсырмалар орындау барысында өздерінің жеке ресурстарын анықтап, күшті жақтарын айқындады, сондай-ақ эмоционалдық жүктемеден кейін қалпына келудің жеке тәсілдерін қарастырды.