
Елордалық құтқарушылар Астана медицина университетінде шартты өртті сөндірумен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шара барысында студенттерді қауіпсіз аймаққа жедел эвакуациялау, сыртқы және ішкі өртке қарсы су көздерін зерделеу, сондай-ақ өрт сөндіру техникасының өтуіне кедергі келтіретін автокөліктерді алып тастау тәсілдері пысықталды.
Сонымен қатар, қатты түтіндену және ғимараттың күрделі жоспарлануы жағдайында адамдарды іздеу мен құтқару бойынша газ-түтіннен қорғау қызметі буындарының жұмысына ерекше назар аударылды.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жоғары оқу орындарында өрт сөндіруді ұйымдастыру кезінде басшылық құрамның іс-қимылдарын жетілдіру, сондай-ақ нысан қызметкерлерімен бірлесіп адамдарды эвакуациялау және құтқару бағытындағы өзара іс-қимылды нығайту.