Астанада бизнес-қоғамдастық өкілдерімен өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Астанада бизнес-қоғамдастық өкілдерімен өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Өртке қарсы қызмет комитетінің қызметкерлері Астана қаласы ТЖД-мен бірлесіп, «Атамекен» ҰКП Президиумы төрағасы Қ.Б. Шарлапаевтың төрағалығымен өткен елорда кәсіпкерлері форумына қатысты.

 Іс-шара барысында нысандарды пайдалануға беру кезеңінде олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды алу мәселелері түсіндірілді.

 Сондай-ақ мемлекеттік қызметті алу тәртібіне, қажетті құжаттар тізбесіне және құрылыс нысандарын аяқтау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.

 Өртке қарсы қызмет комитеті бизнес-қоғамдастықты ақпараттандыру бойынша жүйелі жұмыстарын, оның ішінде өрт қауіпсіздігі саласындағы өзекті мәселелер бойынша «Атамекен» ҰКП-мен өзара іс-қимыл аясында жалғастыруда.