Жылу электр орталықтарының үздіксіз жұмысы бақылауда

Жылу электр орталықтарының үздіксіз жұмысы бақылауда

Астана қаласы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары қалалық Тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп, газ жылу станциясының жұмысына бақылау жүргізді.

Шараның негізгі мақсаты – 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы аяқталғанға дейін ахуалға тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жылумен жабдықтау объектілері мен жылу электр орталықтарының жай-күйін және олардың үздіксіз жұмысын бақылау.

Іс-шара барысында қазандық цехының жабдықтары мен газ үлестіру пунктіне (ГҮП) тексеру жүргізілді. Сонымен қатар сапасыз газ тәріздес отынмен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.