
Астана қаласының ТЖД қаладағы 512 сайлау учаскесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Референдум өткізуге дайындық аясында Департамент сайлау учаскелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде.
Жауапты тұлғалармен өртке қарсы нұсқаулықтар өткізілді, нысан басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою туралы актілер тапсырылып, нормативтік құжаттардың талаптары түсіндірілді.
Бүгінгі таңда бұзушылықтарды жою жұмыстары жалғасуда және Департаменттің тұрақты бақылауында.