Елордада өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Елордада өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Астана қаласы ТЖ департаменті мен «Чернобыль одағы» ардагерлер мен мүгедектер қоғамдық бірлестігі жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Бұл шара азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы арасында әскери-патриоттық тәрбие беру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қызметтік-әскери тәртіпті нығайту мақсатында жасалып отыр.

Сонымен қатар, бұл шара аясында бірлескен әскери-патриоттық, профилактикалық және білім беру іс-шараларын өткізу, Отан қорғаушылар мен соғыс қимылдары ардагерлерінің есімін мәңгілікке қалдыру, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары қызметін насихаттау көзделген.