Ашықтық пен жауапкершілік: Астана ТЖД-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Ашықтық пен жауапкершілік: Астана ТЖД-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Астана қаласы ТЖД-да ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілінің қатысуымен семинар өтті.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормалары, мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар түсіндірілді. Мемлекеттік сатып алу, кадрлық және бақылау қызметі барысында туындайтын негізгі тәуекелдер атап өтіліп, қызметкерлердің жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Департамент басшылығы ашықтық қағидаттарын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін орнықтыру бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті.